Алексей Ни: Чиншанло Қытайға кетсе, өз шұлығымды өзім жеймін!

Мегаполис апталығының айтуынша, 2 қараша күні ауыр атлет жеке жаттықтырушысы Виктор Ни және бас жаттықтырушы Алексей Нимен бірігіп Талдықорғанда өткен дзюдодан Қазақстан Чемпионатына келіп қатысты. Осы сапар кезінде құраманың бас жаттықтырушысы Алексей Ни спортшының айналасындағы даудың жай ғана өсек екендігін айтты. Оның айтуынша, бұл әңгіме Зульфияны рухын ойсырату үшін таратылған. 

"Қытайлықтар өз шәкірттерінің Зульфиямен бәсекелесуі қиын болатындығын біледі. Сондықтан оған психологиялық шабуыл жасап жатыр. Мен Чиншанлоға бірден айттым: Өзің жайлы жазылған мақалалар мен пікірлерді оқыма, - деп. Дегенмен Зульфия интернетте көп отырады. Оқып алып жылайды. Мен бір күндері телефон көтеруден де қалдым. Бір күні қарасам, біреу 86 рет телефон шалыпты. Бір жігіт мені қатты таң қалдырды. Хабарласып, ауыр сөздер айта бастады. Мен шыдай алмай: "Егер Чиншанло Қытайға кететін болса, өз шұлығымды өзім жеймін", - дедім. Ол мысқылдап: "Бір көру керек екен", - деді. Мен: "Бірақ есіңде болсын, егер ол Қазақстаннан кетпесе, өз шұлығыңды сен жейсің", - деп едім, ол үнсіз қалды", - деп әңгімелеп берді Ни. 

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін Массагет порталы Аспан асты елінің «Sohu.com» ақпараттық порталы сейсенбілік жаңалықтарын ХХХ Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан шығып, алтын медальді олжалаған Зульфия Чиншанлоның Қытай еліне оралғандығын жазғаны туралы айтқан болатын. 

Дегенмен, Қытайдан демалыстан оралған соң, Зульфия бұл ақпаратты теріске шығарып, жұртшылыққа қазақстандық құжаттарын көрсеткен еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан 

сурет: megapolis.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама