Алексей Луценко "Алматы турының" бірінші кезеңінде топ жарды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Владимир Дмитриев

Веложарыс биыл екі күнге созылып, екі кезең бойынша өтеді. Алексей мәре сызығын бірінші болып кессе, екінші орынға француз Реми де Григорио ие болды. Үшінші болып мәре сызығын ирандық Мирсамад Пур Сейед Голакхур кесті. 

 

Публикация от Kazakhstan Cycling Federation (@kcf.kz)Сен 30 2017 в 1:28 PDT

"Астана" велоклубы спортшыларының бірі Бақтияр Қожатаев мәре сызығына төртінші болып жетті.

Жарыстың екінші кезеңі 1 қазан күні "Халық Арена" маңынан басталып, велошабандоздар "Шығыс айналма жолы – Әл-Фараби" шеңберімен жүреді. Ал финалдық бөлігі Тұңғыш Президент саябағынан "Медеу" мұз айдынына дейін жалғасып, жеңімпаздар сонда анықталады.

"Алматы турының" жылдағы жүлде қоры - 39 900 еуро. Жарыс жеңімпазы 15 000 еуро алатын болады.

Айта кетейік, Алексей Луценко "Алматы туры" жарысының үш дүркін жеңімпазы.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама