Алексей Луценко «Алматы турында» топ жарды
Алексей Луценко екінші жыл қатарынан жеңіс тұғырын бағындырып отыр. Отандасымыз өткен жылы да алдына жан салмаған болатын. 2015 жылғы доданың екінші орны да «Астана» клубының велошабандозына бұйырды. Жарыстың басты фавориті саналған Фавио Ару мәре сызығын екінші болып кесті. Үштікті ресейлік «Катюша» клубының спортшысы Павел Кочетков қорытындылады.
Жарыс жеңімпаздарын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚР велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев, «Астана» велоклубының президенті Александр Винакуров құттықтап, марапаттады.
Марапаттау рәсімінің соңы шампан шашумен аяқталды. Алдағы уақытта арнайы фоторепортажымызды назарларыңызға ұсынатын боламыз.