Александр Тен триатлоннан Азия чемпионы атанды

Айымгүл Оралқызы Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Алматы Триатлон федерациясының тәрбиеленушісі (бас жаттықтырушы - Максим Мазур) жетекші топтағы жүзу бағдарламасын аяқтады. Сонымен қатар, велосипед дистанциясында Гонконг пен Оңтүстік Корея спортшыларымен бірге пелотоннан алшақ қашықтыққа алға шықты. Қорытынды жүгіру кезеңінде 15 жасар чемпион Оңтүстік Кореялық қарсыласынан озып, жеңіске жетті!

Біздің спортшыларымыз үшін ең нәтижелі болған Азия чемпионаты аяқталды. Кенджу қаласының аспанында екі рет Қазақстанның туы желбіреді. Біздің командамызда қаржығасында Дарын Қонысбаев пен Александр Теннің екі алтын, Арина Шульгина мен Мейірлан Ысқақовтың екі қола медалі бар. Чемпионат қорытындысы бойынша,әзірге ресми емес жалпыкомандалық жүлделік есепте Қазақстан екінші орынды иеленді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама