Александр Меркель Қазақстан құрамасы сапында ойнайтын болды

О Сансызбай Корреспондент

Орталық жартылай қорғаушы бүгін өзінің өкілдерімен Астанаға ат басын бұрды. Негізінен Александр Меркельдің Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетуі мүмкін екені 2011 жылдан бері айтылып келген еді. Ақыры екі тарап ымыраға келіп, келісімшартқа келісті. Енді Алматы өңірінде дүниеге келген футболшы 28 наурыз күні ұлттық құраманың Исландияға қарсы ойынына қатысатын болады.

Айта кетейік, бұл футболшы Алматы қаласында неміс отбасында дүниеге келген. Әкесі алматылық «Қайрат» сапында ойнаған. Кейіннен Александр Меркель 6 жасқа толғанда тарихи отандарына қоныс аударған. Қазіргі таңда ол Германия және Қазақстан азаматы болып саналады. 22 жастағы жартылай қорғаушы осыған дейін Еуропаның танымал «Милан» (Италия), «Удинезе» (Италия), «Дженоа» (Италия) және «Уотфорд» (Англия) клубтарында ойнаған. Александр Меркель 2007-2011 жылдар аралығында Германияның әр жастағы жасөспірімдер мен жастар құрамасында ойнаған. Ойындарында гол да соққан. Десе де Йоахим Лев баптайтын Германия ұлттық құрамасы сапына шақырту алуға қабілеті жетпейтіні белгілі. ФИФА ережесіне сәйкес, Александр Меркель Қазақстан құрамасында өнер көрсете алады. Себебі, бұл футболшы Қазақстанда дүниеге келген.

Естеріңізге сала кетейік, александр Меркель 2009 жылы неміс жастар құрамасында ойнаудан бас тартып, Ресей ұлттық құрамасында ойнауға емеурін танытқаны туралы ресейлік сайттар жазған болатын. Бірақ, бүгін футболшы Қазақстан құрамасының сапында ойнауды армандағанын алға тартты. 

Сурет: sport-express.ua

Оқи отырыңыз

Меркель Қазақстаннан бұрын Ресей құрамасында ойнағысы келген

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама