Алекс Фергюсон мырзаның құрметіне ескерткіш қойылмақ

Ла Лига Корреспондент

Клуб мүшелері ескерткіш қоюға қала әкімшілігінен рұқсат та алып қойған көрінеді. Әзірге белгілі болып отырғаны, бойы үш метрге дейін жететін ескерткіш стадионның солтүстік мінберіне орнатылады. Өздеріңіз білетіндей, аталған солтүстік мінберге жақында ғана әйгілі бапкердің аты берілген болатын. 

Анықталып отырғандай, мәрмәрдан жасалған ескерткіш "сэр Мэтт Басби" мүсіні мен "Қасиетті Троялықтардың" мүсіндік композициясына ұқсайтын болады. Қазіргі таңда архитектордың ойы бойынша, мінбердегі тегі шотландық маман оң қолымен доп ұстап тұрады-мыс.

Сэр Алекс Фергюсон "Манчестер Юнайтед" командасын 1986 жылдан бері жаттықтырып келеді. 1999 жылы II Елизавета "сэр" деген атаққа лайықтайды. 2012 жылы 2 қыркүйекте сэр Алекс "қызыл сойқандарға" басшылық етумен 1000-ойынды өткізеді.  

сурет:footballhd.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама