Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер батыстан келе жатқан келесі антициклон республика аумағына ауыса бастайтынын айтады.
"Қазақстанның барлық өңірлеріне жаз келді. Батыстан келген антициклон еліміздің аумағына жазғы ауа-райын әкеліп күн жылынады. Кейбір аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр жауады, бірақ күн жылы болады. Тіпті солтүстікте де күн жылынады", - делінген хабарламада.