Алаңнан қуылған футболшы төрешіні атып кетті
Бас төреші Сесар Флорес ойыншыға қызыл қағаз көрсетіп, ойыннан қуған. Алаңнан кеткен 25 жастағы футболшы қайта оралып, төрешіге қарсы оқ жаудырған. Нәтижесінде бас төреші оқиға орнында қаза тапқан. Сондай-ақ футболшы Вальтер Сарате де жарақат алған.
- Барлығы да ойын кезінде орын алған. Біз футболшы мен төреші арасындағы қақтығыс қалай орын алғанын білмейміз. Алайда футболшының ашулы болғаны анық. Алаңға қарумен шығып төрешіні атып тастаған, - дейді жергілікті полицейлер.
Қазіргі таңда төрешіні атқан футболшыға іздеу жарияланған.