Актриса Жәния Джуринская ана атанды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

"16.06.2022 сағат 14:57-де біз ата-ана атандық. Рахмет, сүйіктім. "Серіктестік босану" кезіндегі сезімдерім туралы кейінірек айтамын", - деп жазды Данияр.

Жұлдызды жұпты желі қолданушылары, достары мен әріптестері құттықтады.

"Кішкентай ханшайымның дүниеге келуімен құттықтаймыз! Сәбиіңіз әдемі, дені сау және бақытты болып өссін! Керемет ата-ана болатындарыңызға күмән жоқ! Құттықтаймын! Ең бақытты сәбилер қатарынан болсын!", "Ура! Құттықтаймын, сендерді. Ана мен балаға денсаулық тілеймін", - деп жазды олар.

Еске салайық, Жәния жүктілігі туралы былтыр желтоқсанда хабарлаған болатын. Біраз уақыттан кейін ерлі-зайыпты гендерлік кеш ұйымдастырды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама