Ақтөбеде триатлоннан алғаш рет республикалық турнир өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ ҚР триатлон федерациясы

Триатлоннан ҚР Чемпионаты мен ҚР Кубогінің ІІІ кезеңі – Қазақстан триатлон федерациясының бастамасымен кәсіби спортшылар арасында өткізілетін республикалық турнир.

Сайыс Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитетінің, "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің, Ақтөбе қаласының әкімдігінің, Ақтөбе облысы әкімдігінің және BI Group компаниясының қолдауымен өткізіледі.

Жарыстың басты мақсаты - Қазақстанда триатлон мен салауатты өмір салтын дамыту, қазақстандық спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің шеберлік деңгейі мен біліктілігін арттыру және жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан спортшыларды анықтау.

Триатлоннан Қазақстан Республикасы Чемпионаты аясында Elite және U17 санатындағы (кәсіпқой) спортшылар "супер-спринт" қашықтықтығын бағындыратын болады. Дистанция үш кезеңнен құралатын болады: 300 м жүзу + 8 км веложарыс + 2 км жүгіру.

Триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогі ІІІ кезеңінің аясында Elite және санатындағы (кәсіпқой) спортшылар "стандарт" қашықтықта бақ сынайтын болады. Дистанция үш кезеңнен құралады: 1500 м жүзу + 40 км веложарыс + 10 км жүгіру.

Республикалық турнирмен қатар триатлоннан "TEMIRADAM" Кубогінің V кезеңі өтеді.  Бұл – қалың бұқара арасында саламатты өмір салты мен триатлонды насихаттау мақсатында Age Group (әуесқойлар) санатындағы спортшылар арасында өткізілетін ұлттық турнирдің кезеңі.

Бұл жарыста "стандартты" қашықтықтағы жарыс үш кезеңнен құралады. 1500 м жүзу, 40 шақырымдық веложарыс және 10 шақырымға жүгіру. 

Айта кетейік, триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама