«Ақтөбе» Чемпиондар лигасынан шығып қалды

О Сансызбай Корреспондент

Алғашқы минуттардан алаң иелері ойынды өз қолына алуға тырысты. Стадион жанкүйерлері қолдауымен желпінген «жұлдызды» команда көп уақыт өткізбей-ақ Александр Сидельников қорғаған қақпаның саңылауын тапты. «Ақтөбе» қорғаушыларының қателігін сәтті пайдаланған алаң иелері Александру Кипчу голынан кейін алға шықты. Допты бақылауда ұстаған «Стяуа» алға сәт сайын ұмтылумен болды. Бірінші таймның бел ортасы ауа жерлестеріміздің таразы басын теңестіруге тамаша мүмкіндігі болды. Алаң иелері қорғаушылары қателігін украиналық легионер Алексей Антонов пайдалана алмады. Әйтпесе, қақпашымен бетпе-бет шыққан еді. 39 минутта «Стяуа» ойыншыларының жүйелі ұйымдастырған шабуылы жергілікті жанкүйерлерді тағы бір қуантты. Бұл жолы да Владимир Газзаев шәкірттері алаң иелерін тоқтата алмады. Николаэ Станчу алға белсеніп шығып есепті 2:0-ге жеткізді. Бірінші тайм аяқталар тұста «Ақтөбенің» гол соғуға тағы бір тамаша сәті туды. Өз кезегінде Марат Хайруллин де Гедрюс Арлаускистен айласын асыра алмады. Сонымен қатар, бас қазы Мирослав Зелинка да жерлестерімізге сары қағазды аямады.

Бірінші таймда сары қағаз алған «Ақтөбе» капитаны Юрий Логвиненко 57 минутта екіншісін алып алаңнан қуылды. Одан кейінгі сәтте «Стяуа» ірі есеп тіркеуге мүмкіндік алған. Бірақ, пайдалана алмады. Артынша Данило Неко Маркос Пизеллиге есеп өзгертуге болатын пас берген еді. Кешірек шешім қабылдаған футболшы бағыттаған доп қорғаушы аяғынан кері қайтты. 10 футболшымен қалған «Ақтөбе» ойын соңына қарай ашыла түсті. 85 минутта Сантананың стандартты жағдайдан көтерген добын Маркос Пизеллидің орнына шыққан Тимур Кападзе «Стяуа» қақпасында тулатты. Одан кейінгі сәттерде алаң иелері ойыншылары уақытта созуға барынша талпынды. Ал өз кезегінде Владимир Газзаев шәкірттері қолда тұрған мүмкіндіктерін пайдалана алмағаны рас. Егер Алексей Антонов пен Марат Хайруллин гол соққанда жағдай басқаша болары сөзсіз еді. Бастысы «Стяуа» жерлестеріміздің сағын сындыра алмады. Ел намысын қорғаған «Ақтөбе» енді Еуропа лигасында бағын сынап көретін болады. Плей-офф кезеңіндегі қарсыласы 8 тамыз күні өтетін жеребе тастау рәсімінен кейін белгілі болады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/dFisyLFNnEQ","width":"450","height":"338"});

«Стяуа» (Бухарест, Румыния) — «Ақтөбе» (Қазақстан) 2:1 (2:0)
Голдар: Кипчу 3 (1:0), Станчу 39 (2:0), Кападзе 85 (2:1)
Ескерту: Кипчу 6, Латовлевич 68 — Сантана 11, Логвиненко 24, Коробкин 35
Алаңнан қуылды: Логвиненко 57
«Стяуа»: Арлаускис, Рыпэ, Шукала, Латовлевич, Варела, Кипчу, Тэнасэ (Пырвулеску 82), Препелицэ, Станчу (Янку 48), Сынмэртян (Филип 12), Попа
«Ақтөбе»: Сидельников, Мирошниченко, Арзуманян, Логвиненко, Сантана, Царикаев, Пиззелли (Шабалин 80), Хайруллин (Кападзе 61), Коробкин, Неко, Антонов (Аймбетов 68)
Төреші: Мирослав Зелинка (Чехия)

 Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама