«Ақтөбе» бразилиялық шабуылшымен толықты

О Сансызбай Корреспондент

Бразилиялық шабуылшы қазақстандық клубқа еркін агент ретінде келді. Немістің «Transfermarkt.com» сайты футболшының құнын 1,2 миллион евроға бағалап отыр. Ал шабуылшы мен клуб арасындағы келісімшарт туралы мәліметтер әзірге белгісіз.

28 жастағы Данило Сирино де Оливейра соңғы рет Краснодардың «Кубань» клубында жалда ойнаған. 2014/2015 жылғы маусымдағы Ресей біріншілігінде 14 ойынға қатысып, 2 гол соққан. Ақпан айында шабуылшы мен клуб келісімшартын бұзған.

Бразилиялық шабуылшы «Кубанға» дейін бірнеше елдің клубтарында ойнаған. Олардың қатарында «Погонь» (Польша), «Пршибрама», «Спартак» (Чехия), «Гонвед» (Венгрия), «Сьон» (Швейцария) және «Заря» клубтарында өнер көрсеткен. Спорттық мансабында 139 ойын өткізіп, 37 гол соққан. 

Айта кетейік, қазақстандық клубтар 3-сәуірге дейін қатарларына ойыншы қабылдай алады. 

Сурет: forum.metalist-kh-stat.net.ua

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама