«Ақтөбе» бразилиялық шабуылшымен толықты

О Сансызбай Корреспондент

Осыған дейін хабарлағанымыздай Владимир Никитенко владикавказдық «Аланияның» бразилиялық шабуылшысы Данило Некоға қызығушылық танытып отырғаны жайлы айтқан едік. Енді «Ақтөбе» басшылығы шабуылшымен кездесіп, 2 жылдық келісімшартқа қол қойды.

Бұл футболшы трансфер кезеңінде «Ақтөбе» сапын толықтырған төртінші ойыншы болып отыр. Осыған дейін клубпен Павел Шабалин, Валерий Коробкин және Ренан Брессан келісімшартқа отырған еді. Футболшы туралы клуб сайтындағы мәліметтер:

Толық аты-жөні: Данило Монтечино Неко

Азаматтығы: Бразилия, Португалия

Алаңдағы орны: шабуылшы

Бойы – 174 сантиметр, Салмағы – 70 келі

Спорттық мансабы:

2004-2011 ж.ж  – «Понте-Прета» (Бразилия)

2010 ж – «Чеджу Юнайтед» (Корея), жалда болған – 29 кездесу, 6 гол соққан. Корей біріншілігінің күміс жүлдегері 

2011-2013 ж.ж – «Алания» (Владикавказ). 57 кездесу, 15 гол соққан. Ресей Кубогының финалына шыққан

2014 – «Ақтөбе» (Қазақстан)

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: fc-alania.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама