“Ақтөбе” бес дүркін чемпион атанды!

Шерхан Талап Корреспондент

Бас жүлдеден бірден бір үміткер “Ақтөбе” командасы өз алаңында шымкенттік “Ордабасыны” қабылдаса, “Астаналықтар” қарағандылық “Шахтерге” қонаққа барды. Шешуші ойындар талайға тақым қыстырып, делебесін қоздырды. “Ақтөбеге” тең ойынның өзі жетіп жатыр еді. Егер, “Ақтөбе” ұтылып, “Астана” жеңіске жететін жағдайда “алтын кездесу” белгіленетіні белгілі. Бірақ  “Ақтөбеліктер” жағдайды “алтын кездесуге” жеткізбеді. Владимир Никитенконың шәкірттері “Ордабасымен” 2-2 есебімен тең ойнап, өз тарихында бесінші мәрте ел біріншілігінің жеңімпазы атанды. Бір атап өтетін жағдай, ойынның соңғы минутында 1995 жылы туған жас ойыншы Абат Айымбетов соңғы әрі шешуші допты соғып, өз командасына жеңіс сыйлады. Сөйтіп, “Ақтөбе” командасы келесі жылғы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдеріне жолдама алды.

Ал, “Астана” командасы “Шахтердің” “екінші құрамын” тас талқан етті. Есеп –  4:1. Осылайша елордалық ұжым келесі жылы Еуропа лигасында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. . Ал, кеншілердің ендігі бар мақсаты ел кубогын ұтып алу. Алайда “Тараз” командасы да оңай шығылар жаңғақ емес.

Үшінші жүлде иесі белгілі болып қойған болатын. Алматылық “Қайрат” көп жылдық үзілістен соң жүлдегерлер сапынан көрінді. Турнир кестесіне өзгеріс алып келмейтін “Ертіс” пен “Қайрат” арасындағы ойын 2:3 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілді. Енді “Қайрат” алматылық жанкүйерлердің қуанышына орай келесі жылғы Еуропа лигасының іріктеу ойындарына қатысатын болады.

Қаржылық қиындықты бастан кешірген оралдық ұжым келесі маусымды төменгі лигада өткізетін болды. “Ақжайық” командасы өз алаңында “Атырауды” 3:0 есебімен тізе бүктіргенімен жоғары топтағы орынын сақтап қала алмады. Талдықорғандық “Жетісу” болса “Тобылды” 1:0 есбімен ұтып, келесі маусымда премерь-лигада ойнау құқығына ие болды. Мұрат Тілешовтің пенальтиден салған жалғыз добы талдықорғандықтарға қуаныш сыйлады. “Таразбен” тең тарқасқан өскемендік “Восток” командасы енді Семейдің “Спартагымен” жоғары топтағы екінші орынға таласатын болады.

Соңғы, ХХХІІI тур ойындарының нәтижелері:

«Ақтөбе» – «Ордабасы» –2:2

Голдар: Пахолюк 32 (0:1), Логвиненко 83 (1:1), Левин 86 (1:2) Айымбетов 90 (2:2)

«Шахтер» –  «Астана» – 1:4 

Голдар: Боровский 13 (1:0), Сисеро 15 (1:1), Нөсербаев 49 (1:2), Твумаси 62 (1:3), Қонысбаев 66 (1:4).

«Ертіс» – «Қайрат» – 2:3 

Голдар: Кнежевич  пенальтиден, 32 (0:1), Бегалин 52 (1:1), Аверченко 61 (2:1), Кнежевич пенальтиден, 86 (2:2), Сахалбаев 89 (2:3).

«Жетісу» – «Тобыл» –1:0 

Гол: Тілешев  пенальтиден, 68 (1:0).

«Тараз» – «Восток» 1:1

Голдар: Одита 33 (1:0), Удалов 38 (1:1).

«Ақжайық» – «Атырау» – 3:0

Голдар: Забродин 9 (1:0), Тапалов 60 (2:0), Туркович 83 (3:0) 

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: sports.kz, vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама