«Ақтөбе» - «Астана» ойынындағы даулы сәт өз шешімін тапты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ fca.kz

- Әдетте біз пікір білдірмейміз, бірақ ойын жағдайының қиындығына байланысты бұл сәтті қайта мұқият қарап шықтық, және қоғам үшін әдістемелік түсіндірмені ұсынамыз, – дейді Төрелік ету және қадағалау департаментінің жетекшісі Маттео Трефолони. «Ақтөбе» қақпасына гол соғылған сәтте төрешінің голды есептеу жөнінде қабылдаған шешімі толықтай дұрыс. Мәселе «Астана» клубының №10 ойыншысы (Фокси Кетевоама - автор) офсайдта қалуы жөнінде емес, белсенді әрекетімен қақпашыға кедергі келтірген №22 ойыншының ойыннан тыс қалуында болып отыр. Ол бұл әрекеті арқылы ойын жағдайына ықпал етті. Кездесу төрешісі ойын ережесі бойынша толықтай дұрыс шешім қабылдады. Ережеге сәйкес, егер шабуылшы ойыннан тыс жағдайда қақпашының көру мүмкіндігін жапса, онда ол жазалануы тиіс. Яғни, ол қарсыластың допқа ойнау мүмкіндігіне кедергі келтірді - деді.

Айта кетейік, Ақтөбеде өткен ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын. ХV турдың қорытындысы бойынша Владимир Газзаев командасы бірінші орында болса, екінші орынға 29 ұпаймен «Атырау» командасы көтерілді. Үштікті 28 ұпаймен шымкенттік «Ордабасы» қорытындылап тұр. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама