"Ақтөбе" 2 - 3 "Динамо" (видео)
Қос ұжым да ойынға сақадай-сай шықты. Алма-кезек шабуылдар барысында ойыншылар аянып қалмауда. Қазақстандық ойыншылардың аяқ алысы жаман емес. Тек жылдам ойыншының жетіспей жатқандығы сәт сайын аңғарылып қалады. Бұрындары Эмиль Кенжесариев алаң ортасында ойқастап, шабуылдардың сәттілікке ұласуына мүмкіндік ашып жатушы еді...
Ойынның 16-минутында украиндықтар тарапынан Андрей Ярмоленко көзге түсті. Талантты ойыншы өзіне келген мүмкіндікті мүлт жібермеді. Сосын, ойының бірінші бөлігі аяқталуға таяғанда, яғни 37-минутта Бенуа Тремулине (автогол) өз қақпасына гол жіберіп алды. Бұрыштан жасалған шабуыл сәтінде қорғаушы доптың ұшу бағытын аңғармай қалған болатын.
Ойынның 53-минутында Идейе Браун есеп ашты. Араға төрт минутты салып барып, 90-нөмірдегі Юнес Беланда есепті еселей түсті. 64-минутта Марат Хайруллин бұрыштан келген допты шірене теуіп, есепті қысқартуға мүмкіндік алды.
"Ақтөбелік" ойыншылардың ойын біткенше гол соғар бірнеше мүмкіндігі болды. Бірде доп қақпа бағанасынан қайтып жатса, енді бірде ойыншылар жетпей қалып жатты. Қарымта ойында есе қайтарар деген ойдамыз.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/xyzvB8miF3Y","width":"450","height":"240"});
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: sport.gazeta.kz