АҚШ-тың бір қаласы қатысқан жолдастық кездесу өтті
Кездесу International Champions Cup-2014 кезең алдындағы турнирінің аясында «Үлкен үй» деген лақап аты бар «Мичиган Стэдиум» стадионында өтті. Ойынға 109 901 билет үстіміздегі жылдың көктемінде өтіп кеткен еді.
109,901 people are watching Man Utd v Real Madrid right now in Ann Arbor, Michigan. Football in the US is growing! pic.twitter.com/2fWKFxkSdS — Footy (@Footy) 2 августа 2014
Сонымен қатар, бұл ойын АҚШ футболының тарихында рекорд жаңартып отыр. Ойын 3-1 есеп айырмасымен ағылшындық клубтың жеңісімен аяқталды. «Қызыл сойқандар» құрамында Эшли Янг дубль жасаса, Хавьер Эрнандес бір голдың авторы атанды, ал корольдік клубтан Гарет Бэйл 11 метрлік айып добын сәтті орындап, есеп айырмасын қысқартты.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/wZPYlWRlrUk","width":"450","height":"338"});
«Мичиган Стэдиум» - АҚШ-тағы 109 901 көрермен жинай алатын, көптеген ойын спорттарына арналған ірі стадион. Әлемде мұндай көрсеткішпен оның алдын орайтын тек Корея халықтық-демократиялық республикасындағы 150 мың адамдық «Бірінші мамыр» стадионы мен Калькуттада салынған 120 мың орындық үнді жастар стадионы ғана. «Мичиган Стэдиум» стадионы орналасқан Энн-Арбор қаласында бар-жоғы 114 мың адам ғана тұрады.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: Paul Sancya / AP