Әділбек Мусин әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Ол жекелей сында 100 метрді 50.55 секундта баттерфляй әдісімен жүзіп өтті. Нәтижесінде Әділбек 26-орында тұр. Бұл сайыста сынға түскен тағы бір қазақстандық Максим Сказобцов 34-орынға тұрақтады. Оның көрсеткіші - 51.50 секунд.
Ал әйелдер арасында Софья Сподаренко 100 метрді 59,22 секундта жүзіп өтіп, 26-орынға ілінді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!