ӘЧ-2021. Саматәлі Төлтаев француз боксшысына есе жіберді

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Саматәлі жекпе-жекті тек шабуылмен өткізді. Ал Софиан болса бойы мен қолының ұзындығын шебер пайдалана білді. Қорғана жүріп-ақ қазақ боксшысын қапы қалдырды. Төрешілер 4:1 есебімен француз боксшысы жеңіске жеткені туралы шешім шығарды. 

Софиан Умиха осал қарсылас емес еді. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері. 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатында топ жарған. Еуропа ойындарында екі рет күміс медаль еншілеген. 

Бокстан әлем чемпионатын 13 салмақ дәрежесі бойынша өтуде. Қазақстан құрамасы барлық салмақта спортшы алып барған. Саматәлі ұлттық құрама сапында жарысты ерте аяқтаған төртінші боксшы. Осыған дейін Нұрлан Сапарбай (+92 кило), Бек Нұрмағанбет (86 кило) және Айбек Оралбай (92 кило) жүлдеден қағылған-ды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама