ӘЧ-2021. Өзбек боксшысын жеңген Теміртас бірінші болып жартылай финалға шықты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ AIBA

48 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасып жатқан Теміртас бірінші раундты сәтті өткізді. Қорғана жүріп, қарсыласын қыспаққа ала білді. Бес төрешінің төртеуі отандасымызға басымды берді. Екінші раундта да отандасымыз белсенді болды. Ал өзбек боксшысы алға ұмтыла түсумен ғана шектелді. Бұл раунд толықтай Теміртастың пайдасына шешілді. Үшінші раундты да өз бақылауында өткізіп, жекпе-жекті жеңіспен аяқтады. 

Теміртас Жүсіпов жартылай финалда беларусь боксшысы Евгений Кормельчукпен жұдырықтасады.

Нодиржан Мирзахмедов Теміртас үшін осал қарсылас емес еді. 2019 және 2021 жылдары Азия чемпионы атанған.

Бүгін ширек финалға шыққан 10 боксшымыз да шаршы алаңға шығады. Теміртас бірінші болып жеңісті жолды бастап, жартылай финалға жолдама алды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама