ӘЧ-2021. Махмұд Сабырхан үнді боксшысын жеңіп финалға шықты
Махмұд Сабырхан спорт жанкүйерлерін ерекше бокс өнерімен тәнті етуде. Шабуылдағы жылдамдығы мен қорғаныстағы қырағылығы ерекше. Үнді боксшысына қарсы жекпе-жекте де Махмұд мықтылығын мойындатты. Есеп 5:0.
Айта кетейік, осыған дейін 48 килоға дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов финалға шыққан болатын. Алда үш боксшымыз жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді.