ӘЧ-2021. Махмұд Сабырхан бразилиялық боксшыға мықтылығын мойындатты
54 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жекте қазақ боксшысы айқын басымдық байқатты. Шабуылдап та, қорғана жүріп те қырағылығымен көзге түсті. Төрешілер бір ауыздан отандасымызды жеңімпаз деп таныды. Есеп – 5:0.
Айта кетейік, осыған дейін қазақ боксшылары арасынан бірінші болып Теміртас Жүсіпов (48 кило) жартылай финалға шыққан болатын.