ӘЧ-2021. Кубалық боксшыны жеңген Серік Теміржанов финалда жұдырықтасады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ kfb.kz

Қазақ боксшысы жартылай финалда кубалық Освель Кавалероны жеңді. Бірінші раундты басымдықпен өткізіп, аяқталар тұста қарсыласын нокдаунға да түсірді. Кейінгі раундтарда да өзіндік жұдырықтасу мәнерімен ерекшеленді. Нәтижесінде 3:2 есебімен жеңіп, финалға шықты.

Серік финалға шыққан төртінші боксшымыз. Осыған дейін Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырхан өткен. Абылайхан Жүсіпов қола жүлдегер атанған еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама