ӘЧ-2021. Айбек Оралбай Өзбекстаннан барған қазақ боксшыға есе жіберді
Айбек жекпе-жекті ширақ бастаған. Бірінші раундта басымдығын байқатып шыққан. Бір рет қарсыласына нокдаун да ашылды. Алайда екінші раундта Мадияр мықтылығын мойындатты. Ол да Айбекті нокдаунға түсірді. Үшінші раундта да белсенді болып, жекпе-жекті өз пайдасына шешті.
Айбек Оралбай ұлттық құрама сапында Василий Левитті алмастырып барған болатын. Осылайша жарысты 1/8 финалда аяқтады. Осыған дейін қазақ боксшылары арасынан Нұрлан Сапарбай (+92 кило) мен Бек Нұрмағанбет (86 кило) жүлдеден үміт үзген еді.
Бокстан әлем чемпионаты 6 қарашаға дейін жалғасады. Жарыстың жүлде қоры 2,6 миллион долларды құрайды. Жарыс жеңімпаздары 100 мың АҚШ долларына ие болады. Күміс жүлдегерлер – 50 мың, қола жүлдегерлер 25 мың доллар алады.