ӘЧ-2017. Қайрат Ералиев финалға шықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

Жекпе-жекті екі боксшы ширақ бастады. Жылдам шабуылға шығып, соққыларын дөп тигізуге асықты. Қайрат қарсыласының жұдырығынан жылдам сытылып шығып, өз соққыларын тура тигізген сәттері көп болды. Британдық боксшы алға ұмтыла түсіп, белсенділік танытуға тырысқанмен қазақ боксшысының қарымы жоғары екені айқын байқалды. 

Қайрат Ералиев финалда америкалық боксшы Дюк Раганмен жұдырықтасады. 

Айта кетейік, осыған дейін 49 келіге дейінгі салмақта Жомарт Ержан кубалық боксшы Йоаннас Аргилагосқа жол беріп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама