ӘЧ-2017. Абылайхан жарақатпен шығып жеңіске жетті
Абылайхан бұл жекпе-жекке жарақатпен шықты. Бірінші раундта қарсыласын бақылауда ұстап, бар шеберлігін танытты. Екінші раундта жарақатына соққы тиіп, қабағынан қан ақса да, жекпе-жекті соңына дейін жалғастырды. Төрешілер шешімі бойынша отандасымыз 3-1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
Айта кетейік, осыған дейін Жомарт Ержан, Қайрат Ералиев, Әбілхан Аманқұл және Василий Левит жартылай финалға шыққан еді.