Абылайхан Жүсіпов үшінші рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ ©instagram.com/boxingkazakhstan

67 килоға дейінгі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жекте төрешілер Севон Оказаваға басымдық берді. Есеп 4:1. Осылайша Абылайхан үшінші рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Осыған дейін 2017 жылы Гамбургте, 2019 жылы Екатеринбургте қола алған еді.

Айта кетейік, осыған дейін Теміртас Жүсіпов пен Махмұд Сабырхан финалға шыққан еді. Кешкі сессияда Сәкен Бибосынов пен Серік Теміржанов жекпе-жек өткізеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама