Абылайхан Жүсіпов Болгариядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ @Александр Канивец

69 кг салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы жартылай финалда украиналық Евгений Барабановпен жұдырықтасты. Жекпе-жек кезінде отандасымыз қолынан жарақат алған. Дәрігерлер финалдық кездесуге шығуға рұқсат берген жоқ.

Болгарияның София қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде бес қазақстандық боксшы финалға шыққан болатын. Кешке Теміртас Жүсіпов (49 келі), Зәкір Сафиуллин (60 келі), Санатәлі Төлтаев (64 келі) және Василий Левит (91 келі) алтын медальға таласады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама