Абылайхан Хұсайнов мексикалық боксшыны екінші раундта нокаутпен ұтты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Eye of The Tiger Management©

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын. Алғашқы минуттардан-ақ қарсыласына айқын басымдығын таныта бастаған қазақ боксшысы мексикалықты бірінші раундта екі рет нокдаунға түсірді. Екінші раундта да қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, уақытынан бұрын жеңіске жетті.

25 жастағы қазақ боксшысы кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның бесеуінде уақытынан бұрын жеңіске жеткен. Ал қарсыласы Кристиан Арразола болса мансабында 38 жекпе-жек өткізген. Оның 23-де жеңіске жетіп, 13-де жеңілген. 2 кездесуінде қарсыласымен тең түскен.

Айта кетейік, Монреальдағы бокс кешінің басты кездесуінде отандасымыз Батыр Жүкембаев жартылай орта салмақта «IBO International» чемпиондық атағы үшін мексикалық Косме Риверамен жұдырықтасады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама