Әбілхан Аманқұл Рио Олимпиадасының жеңімпазын жеңді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

Бірінші раундта боксшылар бір-бірінің қателігін күтіп, бақылаумен өткізді. Жылдам белсенділік танытып, шабуылға шығуға асықпады.  Екінші раундта тәжірибелі кубалық боксшы басымдығын танытып шықты. Үшінші раундта Әбілханның басымдығы байқалып, жеңіске бастар жолды таба білді.

Қос боксшы осы жылдың өзінде екінші рет шаршы алаңда жолықты. Шілде айында Астанада өткен WSB жобасының финалында "Бостандық аралының" боксшысына жол беріп алған еді. Сол есесін бүгін әлем чемпионатында қайтарды.

Әбілхан Аманқұл келесі кездесуінде әзірбайжандық Камран Шахсуварулымен жұдырықтасады. Кезінде қазақ елінің атынан жарыстарға қатысқан боксшы кейіннен Әзірбайжан еліне кеткен. 2016 жылы Рио Олимпиадасының ширек финалында Жәнібек Әлімханұлын жарыс жолынан шығарған болатын.

Айта кетейік, осыған дейін Жомарт Ержан мен Қайрат Ералиев жартылай финалға шыққан еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама