WBO нокаутпен жеңілген Ахмедовке қатысты күтпеген шешім шығарды
Бір қызығы екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов 14-орыннан бір саты жоғарылап, рейтингте он үшінші болды.
Еске салайық, бұл ұйымның орта салмақтағы чемпионы - Жәнібек Әлімханұлы.
28 ақпанда Астанада өткен бокс кешінде Әли польшалық Мацей Сулецкимен (33-3, 13 КО) жұдырықтасып, төрт рет нокдаунға түсті. Осыдан кейін төреші оныншы раундта жекпе-жекті тоқтатып, Ахмедов техникалық нокаутпен жеңілді.
Ал польшалық боксшы осы жеңіс арқасында екінші орта дивизионда WBC Silve титулын иеленді. Ахмедов болса карьерасында екінші рет жеңілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!