WBC ұйымы Геннадий Головкинді "Жыл адамы" деп таныды
- Головкин WBC нұсқасы бойынша 2017 жылдың "Жыл адамы". Ол бұл атаққа бокстағы жекпе-жектері үшін де, рингтен бөлек істері үшін де нағыз лайық боксшы, - деп жазды Маурисио Сулейман.
“GGG is the WBC Man of The Year 2017 for all that he has done for boxing inside and outside of the ring.” - Mauricio Sulaiman. pic.twitter.com/0zucmm4EiH — World Boxing Council (@WBCBoxing) 5 октября 2017 г.
Осыған дейін, қазан айының ортасында Геннадий Головкиннің Мехикоға баратыны белгілі болған еді. Ол онда жер сілкінісінен зардап шекендерге көмек қолын созатын болады.
Геннадий Головкин жуырда ғана Германияның Гифхорн қаласында өткен қайырымдылық іс-шарасына да қатысты. Бұл іс-шара боксшы Эдуад Гуткнехтті қолдау мақсатында ұйымдастырылған болатын.
Эдуад Гуткнехт әуесқой бокста Геннадий Головкинді жеңген санаулы боксшылардың бірі. Неміс былғары қолғап шебері 2005 жылы Германиядағы "Chemie Pokal" турнирінде ұпай саны бойынша жеңіске жеткен. Кейіннен кәсіпқой боксқа ауысып, әлем чемпионы атануға мүмкіндік алған. Алайда өткен жылы британ Джордж Гроувзға қарсы жекпе-жекте ауыр жарақат алып, миына қан құйылған. Дәрігерлер бірнеше рет ота жасағанмен, боксшының жазылмайтынын айтқан еді. GGG бұл қайырымдылық шарасының қорына 25 000 еуро берді.