WBC төрешілерді қатаң бақылауды бастады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ worldboxingnews.net

Ұйым төрешілердің есірткі, кокаин, метамфетамин секілді тыйым салынған заттарды пайдаланбағанын тексереді. Тексеру шаралары Clean Boxing ("Таза бокс") бағдарламасы аясында жүргізіледі. Кез келген төрешіні кез келген уақытта медициналық сараптамадан өтуге шақыруы мүмкін.

WBC президенті Маурисио Сулейман төрешілердің жағдайын бақылауға алуды ескерткен. Себебі жекпе-жек жайлы маңызды шешім қабылдайтын жандар мұндай келеңсіздікке жол бермеулері тиіс.

Алғаш болып тексеруден өткен мичигандық Фрэнк Гарза мен калифорниялық Стив Морроудың (жуырда ғана Джермалло Чарло мен Брэндон Адамс жекпе-жегіне төреші болған) нәтижелері оң болмай шыққан.

Ұйым алдағы уақытта бұл тексеру жобаларын дамытып, өзге де ұлттық және мемлекеттік спорттық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасауды жоспарлауда.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама