Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкинді өз салмағына тәуелсіз боксшылар рейтингінің (Р4Р) көшбасшысына теңеді. Бокс ұйымы қазақстандық боксшының жекпе-жектеріндегі нокауттарына ерекше мән беріп, бокс патшасына лайық деп бағалады. - GGG Р4Р патшасы, жыл боксшысы, ол жекпе-жектерінің 80 %-дан астамында нокаутпен жеңіске жеткен, - деп WBC twitter желісінде. Айта кетейік, қазір Геннадий Головкиннің промоутері мексикалық Сауль Канело Альварестің командасымен екінші жекпе-жекке келіссөздер жүргізуде. Бейресми деректер бойынша бұл кездесу 5 мамырда өтуі мүмкін.