"WBC" белбеуіне Қазақстанның туы мен Головкиннің суреті бейнеленді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ tengrinews.kz

Геннадий Головкиннің суреті әйгілі Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Леннокс Льюис, Шугар Рэй Леонард, Роберт Дюран, Хулио Сезар Чавес, Ларри Холмс, Виталий Кличко, Марвин Хаглер, Томас Хернс, Оскар Де Ла Хойя мен Флойд Мейвезер сынды боксшылармен қатар тұрады.

- Өз елін мақтанышпен таныстырған Геннадий Головкинге құрмет ретінде бұдай былай Қазақстанның туы белбеуге әр береді, - делінген ұйымның мәлімдемесінде. 

Суретке қарағанда, белбеуде Головкиннің алдағы қарсыласы Дэниэл Джейкобстың да портреті пайда болған. Алайда бұған қатысты "WBC" ресми түрде мәлімдеме жасаған жоқ. 

34 жастағы Геннадий Головкин WBC белбеуін 2016 жылдың мамырында алған болатын. Сол уақытта мексикалық Сауль "Канело" Альварес белбеуді жекпе-жексіз босатқан еді. 

Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) 1963 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бокс әлеміндегі беделді ұйымдардың бірі. 

Ұйымның биылғы конвенциясы Астана қаласында өтеді

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама