WBC америкалық боксшыны Головкинмен жұдырықтасуға міндеттеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ YouTube

Орта салмақта ұйым чемпиондық атағына ие Сауль "Канело" Альварес желтоқсан айында кезекті жекпе-жегін өткізеді. Ал қарсыласын ерікті түрде өзі таңдайтын болады. Ал ұйым уақытша чемпиондық атаққа ие америкалық боксшы Джермалл Чарлоны Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға міндеттеді. Нәтижесінде бұл кездесудің жеңімпазы "Канеломен" жұдырықтасуға мүмкіндік алады.

Осыған дейін WBC президенті Маурисио Сулейман Геннадий Головкин мексикалық боксшымен үшінші жекпе-жек өткізуді сұрағаны жайлы айтқан болатын. Егер GGG міндетті қарсыласын жеңсе, "Канеломен" үшінші рет шаршы алаңда жолығуға жол ашылмақ.

Джермалл Чарло кәсіпқой бокста 27 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 21 кездесуінде қарсыласын нокаутпен ұтқан. Соңғы рет сәуір айында отандасы Уго Сентеномен (кішісі) жұдырықтасып, 2 раундта қарсыласын нокаутпен жеңген еді.

Күні кеше Геннадий Головкин Қарағандыға келді. 5 қазан күні боксшы Алматыда баспасөз жиынын өткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісетін болады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама