Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығы твиттердегі ресми парақшасында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізіп, 2017 жылы шаршы алаңда үздік өнер көрсеткен спортшыны анықтады. Аталған сауалнамада үш боксшының есімі жазылды. Олар - Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО), Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) пен Энтони Джошуа (20-0, 20 КО) болды. Жанкүйерлердің 50 пайызы Головкинге дауыс берсе, қалған екеуі 25 пайыздан қолдауға ие болған. Сауалнамаға барлығы 4 786 бокс жанкүйері қатысты. baq.kz