«Vesti.kz» сайтының қазақ тіліндегі нұсқасы ашылды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Қазақша нұсқаға сайттың оң жақ жоғары тұсында тұрған "Қаз" батырмасын басып немесе kaz.vesti.kz доменін теріп кіруге болады.

Сонымен қатар, оқырманның ыңғайына қарай мемлекеттік тілдегі мобильді нұсқасы жасалған. Оған m.kaz.vesti.kz доменін теру арқылы кіруге болады. Телефон арқылы ашқанда сайттың мобильді нұсқасы автоматты түрде экранға бейімделіп қосылады.

- Енді басты әрі қызықты спорт жаңалықтарын мемлекеттік тілде оқи аласыздар, - деп атап өтті спорт порталының өкілдері.

«Vesti.kz» - еліміздегі жылдам ақпарат тарататын спорттық сайт. Күніне 30 мыңға жуық оқырман кіреді. Оқырмандар арасында жиі байқаулар ұйымдастырып тұрады.

Спорттық сайттың қазақ тіліндегі нұсқасының қызметкерлеріне сәттілік тілейміз. Қазақ спортшыларының толағай табыстары мен жарқын жеңістері арқылы оқырмандарын қуанта бергей!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама