UFC турнирінде алғаш рет бақ сынаған этникалық қазақ жеңіске жетті
Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан UFC Fight Night 142 турнирінде Дамир Алекс Горджеспен (Аустралия) кездесті. Октагондағы шайқас жоспарланған үш раундқа созылды. Дамир Исмагулов 30-25, 30-26, 30-26 есебімен жеңіске жетті.
Спортшы жарысқа қазақтың әнімен шықты. Қазақстан мен Ресейдің туын қатар ала жүрді.
Айта кетейік, 27 жастағы Дамир Орынбор өңірінің тумасы. Ережесіз жекпе-жек спортына 20 жасында келген. Оған дейін футбол мен тенниске әуесі болған. Кейіннен кездейсоқ ММА спортына құмартып, осы жолды таңдаған. Қайсар мінезді жігіт алғашқы жарыстарынан бастап-ақ нәтижеге қол жеткізген. Осы жолды таңдаған.
Дамир Исмагулов M-1 Gobal тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие. Осы жоба аясында 18 жекпе-жек өткізіп, 16-да жеңіске жеткен. Соңғы жекпе-жегін 15 маусым күні Орынборда өткізді. Беларус Артем Дамковскийді жеңіп, жеңіл салмақта өз чемпиондық атағын қорғап қалды.
Дамир UFC аясында жекпе-жекке шыққан қаны қазақ екінші спортшы. Біріншісі - Қытайдағы этникалық қандасымыз Жұмабек Тұрсын болатын. Ол үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де қарсыласына есе жіберген. Дамир болса осы беделді ұйым турнирінде қарсыласын ұтқан алғашқы қаны қазақ спортшы.