UFC Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жектен бас тартуына реакция білдірді

Фото ©️ Instagram/sayatus

UFC Шавкат Рахмоновқа жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммадқа қарсы титулдық жекпе-жек ұйымдастырған болатын. Алайда "Номад" денсаулығына байланысты кездесуге қатыса алмады. Оның менеджері Саят Әбдірахманов UFC бұл жағдайға түсіністікпен қарап, келесі жекпе-жекте титул үшін күресуге уәде бергенін жеткізді.

"UFC-ге Канададағы турнирде тағы бір титулдық жекпе-жек қажет болды. Чемпион Белал болғандықтан, олар бізден ұзақ уақыт бойы жекпе-жекке дайындық туралы сұрады. Біз бар күшімізді салдық, бірақ, өкінішке орай Шавкат 100 пайыз дайын бола алмайтын еді, сол себепті бұл жекпе-жекке шықпауға шешім қабылдадық. UFC бізге "Ештеңе етпейді, қазір басқа біреу төбелеседі, сен келесі боласың деді", – деп мәлімдеді Саят Әбдірахманов.

Айта кетейік, бұған дейін Белал Мұхаммад UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмоновпен кездесуден бас тартқан болатын. Ол сүйек инфекциясына байланысты жекпе-жекке шыға алмады. Оның орнына ирландиялық Иан Мачадо Гэрри октагонға көтерілді.

Ол жекпе-жек барысында көрермендерді таңғалдырды және соңғы раундта "Номадты" нокаутқа түсіруге шақ қалды. Алайда Рахмонов бұл шабуылдан сытылып шығып, жинаған ұпайларының арқасында жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық спортшы алғаш рет мерзімінен бұрын аяқталмаған жекпе-жекте жеңіске жетті.

Бұған дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық UFC файтері, жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жекті қыркүйек айында өткізетінін мәлімдеген еді. Сонымен қатар, ММА файтері Асу Алмабаевтың бапкері Эдуард Базров шәкіртінің жекпе-жегіндегі төрешілік пен ереже бұзушылықтар туралы пікір білдірді. Ал жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы, бразилиялық Алекс Перейра ресейлік Магомед Анкалаевқа 200 мың долларға бәстесуді ұсынды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама