UFC чемпионы Шавкатпен жекпе-жекке шықпау себебін түсіндірді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ UFC

Екі спортшы 8 желтоқсан күні UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегінде кездесуі керек болған. Алайда бүгін белгілі болғандай, Белал кездесуге шыға алмайтын болды. Кейіннен өзі хабарлағандай, аяқ саусағына инфекциялық жара шыққан. 

"Аяғымның сүйегіне инфекция түсті. Антибиотик енгізу үшін аяққа ота жасауға тура келді. Алдағы алты апта бойы физикалық жаттығуларға тыйым салынды. Алланың жоспары - ең жақсы жоспар. Барлығыңыздан жоспарларыңызды бұзғаным үшін кешірім сұраймын. Мен жақында қайта ораламын, Иншалла", - деп жазды Белал. 

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов та қарсыласының сауығып кетуін тілеп, әлі де күтетінін айтты. 

"Белал тез сауығып кетсін деймін. Біз сенімен 100% дайын болғанда кездесеміз. Қазір уақытша белбеу үшін UFC 310 турнирінде кіммен болсын кездесуге дайынмын", - деді отандасымыз. 

UFC қазақстандық спортшыға жаңа қарсылас қарастырып жатыр. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама