UFC 249 турнирі өтпейді

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Фото ©️ UFC

UFC 249 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Тони Фергюсон мен ресейлік Хабиб Нурмагомедов шайқасатын болған. Бірақ екі спортшы тағы да сегізбұрышта кездеспейтін болды. Тағы да дейтін себебіміз, Тони мен Хабиб осыған дейін төрт рет жекпе-жекке шықпақ болған...

Осы аптада UFC президенті Дана Уайт коронавирус пандемиясына қарамастан жарыстың өтетінін ресми түрде хабарлаған еді. Дегенмен реселйік спортшы Хабиб Нурмагомедов жекпе-жекке шығудан бірден бас тартты. Жеңіл салмақта чемпиондық атаққа ие ресейлік спортшы Instagram желісінде карантин ережесін сақтайтынын, басын қатерге тікпейтіні жайлы ашып жазды. Ал оның орнына UFC 249 турнирінде Джастин Гэтжи шығуы қажет болатын. 

Ұйым басшысы UFC 249 турнирін алдымен жекеменшік аралда өткізетінін, кейін Калифорниядағы штаттың заңы жүрмейтін үнді қорына жататын казинода өткізбек болған. Бірақ бүгін белгілі болғандай жарыс кейінге шегерілді.

"Бұл турнирді өткізу үшін күні-түні жұмыс жасадық. Бірақ бүгін жоғары жақтан хабарласты. Мен не дей аламын? ESPN-мен қарым-қатынасымыз жақсы, бірақ хабарласқан жақ менен тоқтауымды сұрады. 

Турнирді Калифорнияда өткізгіміз келді. Енді әлем қалпына келген соң ғана жекпе-жек өткізетін боламыз. Бізбен бірге болғандарыңызды бағалаймын. Биыл жоспарлаған 42 турниріміздің бәрін өткіземіз, - деді Дана Уайт.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама