UEFA жаңа маусым алдында клубтардың рейтингін жаңартты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ dailysports.net

Өткен маусымда Чемпиондар лигасын ұтқан "Реал Мадрид" екінші орыннан көрінсе, "Бавария" үштікті түйіндеген. 

1. "Манчестер Сити" – 123.000
2. "Реал Мадрид" – 119.000
3. "Бавария" – 108.000
4. "Ливерпуль" – 96.000
5. "Рома" – 90.000
6. "ПСЖ" – 85.000
7. "Вильярреал" – 82.000
8. "Боруссия Дортмунд" – 79.000
9. "Челси" – 79.000
10. "Интер" – 76.000

Қазақстандық клубтар арасында "Астана" 144-орынға тұрақтаған. "Тобыл" – 176, "Қайрат" - 219, "Ордабасы" – 345, "Шахтер" – 355, "Ақтөбе" – 365, "Қызылжар" – 372 және "Қайсар" командасы 387-орынға жайғасқан. 

Айта кетейік, алдағы маусымдағы Чемпиондар лигасы жаңа форматта өтеді. Ал осы аптада жарыстың бірінші іріктеу кезеңі басталды. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама