"The best" сауалнамасы: Месси тағы да Роналдуды қолдады, ал ол...

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Фото ©️ sport.rambler.ru

Аргентина ұлттық құрамасы капитаны ретінде сауалнамаға қатысқан Месси үздік ойыншылар үштігін – Садио Мане, Криштиану Роналду және Френки де Йонг деп атаған. 

Өз кезегінде Роналду да Френки де Йонгке үздік ойыншы ретінде дауыс берген. Сонымен бірге Португалия құрамасының капитаны –  Маттейс де Лигт пен Килиан Мбаппеге де дауыс берген.

ESPN басылымының хабарлауынша, бүгінге дейін жыл үздіктерін анықтау үшін өткізілетін сауалнамада Криштиану бірде-бір рет Мессиге дауыс бермеген, ал аргентиналық ойыншы бұл жағынан жомарттық танытып келеді. Ол 2018 жылы Роналдуды үшінші орынға лайық көрген болса, 2019 жылы екінші орынға лайық деп тапқан. 

Айта кетейік, France Football журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, FIFA "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді. Биыл "The Best" сыйлығы төртіншіі рет табысталды. Мессиге дейін Роналду екі рет алса, өткен жылы Лука Модрич жеңіп алған. Ал биыл "The Best" сыйлығын Месси иеленді. Роналду нидерландық қорғаушы Ван Дейктен кейін үшінші орынды алды. 

Ла Скала театрында өткен марапаттау кешіне Криштиану Роналду келген жоқ. FIFA нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы ұлттық құрамалар жаттықтырушылары мен капитандары, журналистер мен жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама