Starcraft 2 ойынынан Орталық Азия чемпионаты өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Twitch

Жарысқа тіркелу 11 желтоқсанға дейін созылады. Үш күн болатын (10-13 желтоқсан) іріктеу кезеңінде финалға шыққан ойыншылар анықталады. Ал финалдық кезең 17 желтоқсан күні Алматыдағы Тимирязев пен Сейфуллин көшелері қиылысындағы "Forum Almaty" сауда орталығында өтеді.

Турнирде ТМД көлемінде атақты стример әрі сарапшы Алексей Трушляков ойынға комментатор болады. Ол интернет әлемінде Alez007 атымен танымал. Сондай-ақ көрермендер үшін де қызықты тосынсыйлар болмақ.

Турнирді Қазақстан киберспорт федерациясы ұйымдастыруда. Бұл федерация осы жылдың 25 маусымында құрылған еді. Осыған дейін WESG (World Electronic Sports Games) бойынша Қазақстанда әлем чемпионатына іріктеу өткізген болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама