Pfizer вакцинасы салынатын азаматтардың тізімі кеңеюі мүмкін
"Pfizer вакцинасы басында 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге салыну жоспарланған еді. Алдағы уақытта бұл тізімді кеңейтуіміз мүмкін. Бірақ ең алдымен балаларды толық вакцинамен қамтуымыз керек. Содан кейін көреміз", - деді елдің бас дәрігері.
Айта кеткен жөн, америкалық вакцина елімізге 2021 жылы қысқа таяу келмек. Алексей Цой аталмыш екпені елге жеткізу туралы келісімшарттың 6 қазан күні толық аяқталғанын мәлімдеген.