PUBG Mobile ойынынан екі ірі турнир өтеді
Екі маусымға бөлінген турнир LAN-финалмен аяқталады. PUBG Mobile Club Open әр маусымды бес кезеңге бөлген. Оның төртеуі аймақтық іріктеу болса, соңғысы - финал. Ақтық кезеңде әлемнің түкпір-түкпірінен 16 команда бақ сынайды. Оңтүстік-Шығыс Азияда үздік шыққан үш құрам, Солтүстік Америка, Европа, Үндістан және Қытайдан екі команда іріктеледі. Ал Оңтүстік Америка, Корея, Жапония және Орта Шығыс елдерінен үздік шыққан бір-бір команда финалға жолдама алады. Ал соңғы жолдама үздік нәтиже көрсеткен аймаққа беріледі.
Алғашқы маусым наурыз айының 22 басталып, маусымда аяқталады. Жарыстың жүлде қоры рекордтық 2 000 000 $ құрайды. PUBG Mobile Club Open турниріне 16 жасқа толған, «Платина» дәрежесіне жеткен кез келген ойыншы қатыса алады. Команда құрамында өнер көрсететін үш ойыншы аталған аймақтан болу қажет.
Ел арасында PUBG деп танылған бұл ойынның толық аты - "Playerunknown’s Battlegrounds". 2017 жылы 23 наурыз күні Steam алаңында пайда болған компьютерге арналған PUBG ойынына сұраныстың артқаны соншалық араға бір жыл салып телефонға арналған смартфонқа арналған нұсқасын жасап шығарды. Компьютер ойындарын жасаумен айналысатын Valve компаниясы дәстүрлі Steam Awards 2018 сыйлығының иегерлерін анықтағанда Playerunknown’s Battlegrounds ойынын жылдың үздігі деп таныды.
Қазіргі таңда PUBG корпорациясы ойынның тегін нұсқасын сынақтан өткізіп жатыр. PUBG Lite деп аталатын ойын әзірге тек Тайланд елінің аумағында қолжетімді. Өзге елдерде қашан ойнауға болатыны белгісіз. Бұл ойынның ерекшелігі - жүйелік талаптардың төмендеуі. Әзірлеушілердің айтуынша, PUBG Lite ойыны кәдімгі PUBG-ді көтере алмайтын компьютерлерге арналған. Ойынды жүктеу үшін 2,4 Гц жиілігімен Core i3 процессоры, дискте пен жедел жадта 4 ГБ бос орын болғаны жеткілікті. Бейнекарта міндетті емес. Ойын Intel HD Graphics 4 000 процессорында да қосыла береді. PUBG Lite түпнұсқадан бөлек өнім болмақ. Ойынды жаңа команда әзірлеу үстінде.
Сондай-ақ, PUBG компаниясы Солтүстік Америка және Еуропа лигаларындағы командаларға қолдау көрсету үшін бірқатар бастамаларды қолға алды. Танымал ойынның әзірлеушілері командалардың жарысқа, жолға кететін шығындарын өтеу үшін өтемақы төлейтін болады. Әзірге нақты сомасы құпия сақталған. Сондай-ақ, студия Солтүстік Америка және Еуропа лигалары үшін арнайы заттар шығарады. Сатылымнан түсетін қаржының төрттен бір бөлігі командалардың шоттарына аударылады. Бұған қоса, PUBG корпорациясы халықаралық жарыстарға қолдау көрсетуші компаниялармен жүлде қорын көбейту туралы келіссөз жүргізіп жатыр.