PUBG Classic: Жылдың алғашқы іріктеуі

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Фото ©️ pubg.starladder.com

Келесі аптада бастау алатын ірі турнирде 24 ұжым бақ сынайды. Оңтүстік Корея, Қытай, Еуропа және Солтүстік Америкадан 4 командадан, Оңтүстік-Шығыс Азиядан 3, Тайвань елінен 2 және Жапония, Оңтүстік Америка, Мұхит елдерінен 1 командадан қатысады. 

Жарыстың жүлде қоры $400,000 құрайды. Киберспортшылар Лондон қаласындағы ICC Auditorium ғимаратында 16-21 сәуір күндері аралығында өтеді.

Үздік нәтиже көрсеткен үш аймақ PUBG Global Championship 2019 – жылдың қорытынды жарысына қосымша жолдама алады.

Әр аймаққа берілген жолдама саны:

Еуропа, Таяу Шығыс, Африка - 4

Солтүстік Америка - 4

Қытай - 4

Корея - 4

• Оңтүстік-Шығыс Азия - 3

• Тайвань, Гонконг, Макао - 2

Жапония - 1

Мұхит елдері - 1

• Оңтүстік Америка - 1

FACEIT Global Summit: PUBG Classic жарысында командалық ойыннан басқа әр ойыншының шеберлігі маңызды. 24 ұжым сегіз командадан үш топқа бөлініп, үш күн бойы плей-оффтың жолдамасы үшін күш сынасады. Топтық кезеңнің үздік сегіз командасы финалға өтеді.  Ал өзге 16 команда тағы 8 жолдама үшін бөлек іріктеуге қатысады. Артынша екі күнге созылатын Гранд-Финалда жеңімпаз анықталады.

Жарыстар FPP тәртібі бойынша өтеді. Турнирде 4 адамнан құралған 16 команда 2 картада (Мирамар және Эрангел) күш сынасады. Ойындағы көк аймақтың жылжуы, дроп және ұпай саны біршама өзгерістерге ұшыраған. Қарсыласын өлтіргені үшін 1, ал бірінші орынға 10 ұпай беріледі. 9-16 орындар үшін ұпай жоқ. Көк аймақ алғашқы 2 айналымда жылдам жылжитын болады. Ал көк аймақта қалып қойған ойыншының тірі қалуы екіталай. Ал дроп бұрынғыға қарағанда екі есе көп болады.

Маусым үш кезеңді аймақтық лигаға бөлінеді. Үзіліс кезінде 4 ірі әлемдік жарыс өтеді. Ал маусым соңында үздік шыққандар PUBG Global Championship турнирінде бақ сынайды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама