Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады

Нұржамал Үсенова Корреспондент

Жекпе-жек жайлы DAZN стримингтік сервисі хабарлады. 

Ал оған дейін қазақстандық боксшының өзі instagram желісінде келесі кездесуі жайлы жазған.

"Мақсатқа жету жолында рекорд бойынша 21-ші рет чемпиондық атақты қорғауға шығамын. Жуырда көріскенше", - деп жазған-ды.

Геннадий Головкин Камил Шереметаға қарсы кездесуде IBF чемпиондық белбеуін қорғайды.

Айта кетейік, отандасымыз ақырғы рет өткен жылдың қазан айында шаршы алаңға шыққан. Нью-Йоркте украиналық боксшы Сергей Деревянченконы жеңген еді.

 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама