"Nissan" Чемпиондар Лигасының ресми демеушісі атанды
Жапондық көлік өндіруші компания 2014-2015 маусымнан бастап Чемпиондар Лигасының демеушісі атанбақ. Келісім 3 жылға жасалған. Қаржылық жағы мәлім болмай отыр.
Естеріңізге сала кетсек, ертеректе Чемпиондар Лигасының ресми демеушісі америкалық "Ford" компаниясы болатын.
«"Nissan" компаниясының келесі маусымнан бастап Чемпиондар Лигасының ресми әріптесі болатынына біз өте қуаныштымыз», – дейді "UEFA Events SA" орталығының маркетинг саласындағы директоры Гай-Лорен Эпштейн.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: uefa.org